Айырбастау және қайтару
Сапалы тауарды қайтару
Өлшемі, түсі, үлгісі немесе басқа себеппен сәйкес келмеген сапалы тауар қайтару туралы өтініш негізінде қайтарылады, өтініш сатып алған күнді есептемегенде тауар сатып алынғаннан бастап 14 күн ішінде берілуі керек.
Сапалы тауар қайтарылғанда тек тауардың құны қайтарылады. Жеткізу құны, сондай-ақ кері жөнелту құны (егер ол сіздің есебіңізден жүргізілсе) өтелмейді.
Гравировкасы бар сапалы тауардан бас тартуға құқығыңыз жоқ.
Тауарды қайтару шарттары
Сапалы тауарды мына жағдайда қайтаруға болады:
1. оның тұтыну қасиеттері мен тауарлық түрі сақталған (пайдалану іздері жоқ, түпнұсқа әрі бүлінбеген қаптамасы бар).
2. тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат бар (кассалық чек немесе тауар чегі).
Сапасыз тауарды қайтару
Сапасыз тауар деп ақауына байланысты өзінің функционалдық сапасын қамтамасыз ете алмайтын тауар түсініледі. Сапасыз тауар тауардың кепілдік мерзімі (2 жыл) ішінде берілуі тиіс қайтару туралы өтініш негізінде қайтарылады.
Сапасыз тауар қайтарылғанда тауардың, жеткізудің және кері жөнелтудің (егер ол сіздің есебіңізден жүргізілсе) толық құны қайтарылады.
Ішінара қайтару кезінде тапсырысты жеткізу құны қайтарылмайды.
Тауарды қайтару шарттары
Сапасыз тауарды сол тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат (кассалық чек немесе тауар чегі) сақталған жағдайда қайтаруға болады.